Зауыт қызметкерінің ажалы: робот оны қағаз екен деп қалған
Робот адамды қатты қағаз екен деп қалған.
Зауытта жұмыс істейтін қызметкерді қатты картон қағаз екен деп қалған робот оны өлтіріп қойды, деп хабарлайды taulik.kz.
Оңтүстік Кореяда зауыт қызметкері роботтандырылған машинаның датчигін тексеру үшін жанына барған. Робот болгар бұрышын қорапқа салып, орау керек еді. Алайда техникалық қателік болып, тексеріп жүргізіп жатқан адамның қолын қысып қалған да, оны денесімен бірге конвейнерге жабыстырып тастаған.
Өкінішке қарай, ауруханаға жеткен зауыт қызметкері алған жарақатынан қайтыс болды.