"Мирастың бойынан бір өзгеріс байқадым": Мархаба Сәби Жүгінісовтерге ренішін білдірді (ВИДЕО)
Әнші Мархаба Сәбидің айтуынша, өзгеге жазып берген әнін Мирас Жүгінісов орындап жүр, және ол әннің авторы қатарында әншінің есімі жазылмаған.
«Бүгін мен Мирас Жүгінісовке, жалпы, Жүгінісовтер отбасына деген ренішімді, көңілімнің қалғанын айтқым келіп отыр. Осыған дейін үндемей келдім. Бірақ олар миға қонбайтын нәрселер жасап жатыр. Сондықтан үндемей қала алмадым. Біз Мирас Жүгінісовпен, Мұрат Қабылов деген тамаша композитор бала үшеуміз 2018-2019-жылдары Мирастың алғашқы шығармашылық жолын бастағанбыз. Мен ол айтқан әндердің сөзін, Мұрат әнін жазды. «Әдетте тәтті-тәтті бәрі басында», «Сүйем, сені сүйем», «Мың есе», «Ол» сияқты әндерді жаздық. Сол кезде мен мәтінді 70 мың теңгеге дейін жаздым. Бірақ мен үшін ақша маңызды емес еді, Мұраттың әндері ұнайтын. Солай, бір кезеңге дейін жақсы жұмыс істедік. Бірақ атақ келіп, жұлдыз бола бастағасын Мирастың бойынан бір өзгеріс байқадым. Көкірегін көрдім. Сосын мен оған «Осы жерден тоқтата қояйық, мен саған енді текст жазбаймын. Бірақ мен қызғаншақ адам емеспін, осы уаққа дейін жазған әндерді айта бер, халыққа тарап кетті, қызығын көре ғой» дедім. Арада біраз уақыт өткенде Мұрат Қабыловтың өзі хабарласып, «мен өз шығармашылығымды бастап жатыр едім, бір-екі жаңа әніме мәтін жазып бере аласың ба» деп сұрады. «Өзің айтатын болсаң жазайын, бірақ Мирасқа берме» деп ескерткем. Солай «Сен туралы ғажайып, шытырман толы роман жазғым келеді» деген кеңінен таралған әнді және «Уақыт» деген әнді Мұраттың өзіне жазып бердім. Бірақ оны неге екенін білмеймін, Мұрат емес, Мирас айтып шықты. Менің рұқсатымсыз, ешқандай ескертусіз жариялап шығарды. Оған қоса менің атымды автор ретінде еш жерде көрсетпей шығарып жіберді» деді Мархаба Сәби.