Әнші Тамара Асар орденмен марапатталды
«Хиуаз Доспанова» атындағы орденмен марапатталды.
Танымал әнші Тамара Асарға Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы орден табыстады. Қуанышты жаңалығын әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Мені «Батыр қыз» деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хиуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хиуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, ата-анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы. Алдыңғы буын ағалар, құрметтеріңізге үлкен мың алғыс!», – деп жазды әнші.