Астана қаласы

Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Бұл татами шеберлері үшін ерекше дода.

Астанада Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасындағы дзюдодан халықаралық турнир өтті. Бұл доданың татами шеберлері арасында ерекше орын алатыны белгілі. Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь және Өзбекстаннан келген 150-ге жуық спортшы 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев бұл жарыстың бұқаралық спорттағы рөлінің зор екенін атап өтті.

«Бүгінгі халықаралық турнир жастарымыз үшін әлем чемпионаты алдындағы маңызды жарыстардың бірі болып саналады. Жанына дзюдо спортын серік еткен марқұм Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир бұдан кейін де жалғасын табады деп сенеміз. Алыс-жақыннан келген шетелдік спортшылар да шеберліктерін шыңдады. Жарыс ертең халықаралық оқу-жаттығу жиынымен жалғасады», - деді Айбек Имашев.

Турнирдің құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Айдарұлы Байманов, Данияр Макишевтің жаттықтырушысы Ахат Аширов, Данияр Макишевтің әкесі Абай Макишев, дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев болды.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды. І орын алған спортшы 500$ сыйақы алды, ІІ орынға ие болғандар 350$ және ІІІ орынға ие болғандар 200$ АҚШ долларымен марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік әдіс үшін» номинациясымен Қазақстаннан Мұхамедәлі Закиров, Өзбекстаннан Сардор Еркінов және Қазақстаннан Жантілек Нұртілепұлы Ұйымдастыру комитетінің арнайы ақшалай сыйақысымен марапатталды.

Бұл турнир жастардың шеберліктерін шыңдап, оларды жаңа жетістіктерге жетелеуге зор мүмкіндік береді. Дзюдо спортын дамытуға үлкен үлес қосатын мұндай жарыстардың жалғасы болары сөзсіз.

-60 кг

1.Мәди Серіков (Қазақстан)

2. Тельжан Сұлтанбай (Қазақстан)

3.Асылхан Зейнуллин (Қазақстан 

3.Нұрсұлтан Бейсембек Қазақстан)

-66 кг 

1.Береке Рахматұллаұлы (Қазақстан)

2.Санжар Қанафин (Қазақстан)

3.Сухроб Пулатов (Өзбекстан)

3.Бенед Шукуров (Өзбекстан)

-73 кг 

1.Мұхамедәлі Закиров (Қазақстан)

2.Асадбек Нурбутаев (Өзбекстан)

3.Қанат Әбитұлы (Қазақстан)

3.Антон Дубовик (AIN)

-81 кг 

1.Данил Крылов (Қазақстан)

2.Досбол Балғабай (Қазақстан)

3.Досхан Жолжақсынов (Қазақстан)

3.Нодербек Мовлонбердиев (Өзбекстан)

-90 кг 

1.Сардор Еркинов (Өзбекстан)

2.Берікбол Жұманбеков (Қазақстан)

3.Азиз Алтынбай (Қазақстан)

3.Нұрдәулет Тынышқали (Қазақстан)

-100 кг 

1.Мейіржан Сламшиков (Қазақстан)

2.Ерасыл Нұртаза (Қазақстан)

3.Бибарыс Райс (Қазақстан)

3.Бағжан Байтас (Қазақстан)

+100 кг 

1.Жантілек Нұртілепұлы (Қазақстан)

2.Шерхан Алпанов (Қазақстан)

3.Ардақ Серіков (Қазақстан)

3.Әлихан Назымхан (Қазақстан)