Ауа райы: 22 қарашада күн райы қалай өзгереді?

22 қараша, 2024 / Ахмет Қанатұлы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

22 қарашаға арналған ауа райы болжамын назарларыңызға ұсынамыз

Бүгін еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде және оңтүстік-шығыста ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Сондай-ақ, аталған аймақтарда көктайғақ болып, тұман түседі. Ал Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының кей жерлері мен Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 15-20 метрді құрап, тұман болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болып, қатты жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, тұман түседі.

Тэгтер:

Алматы Жамбыл Ақмола ауа райы болжам Қарағанды 22 қараша ауа райы болжамы