Экономика

Осы қыста қайда инвестиция жасаған дұрыс? – зерттеу

Осы қыста қазақстандықтар үшін инвестиция жасаудың сәті түсіп тұр.  Сарапшылар инвесторларға осы қыста қазақстандық және америкалық нарықтардан не сатып алуды ұсынады.

Маусымдық инвестициялар: сарапшылар инвесторларға осы қыста қазақстандық және америкалық нарықтардан не сатып алуды ұсынады. Freedom Finance Global талдаушысы Данияр Оразбаевтың анализін беріп отырмыз.

1. Осы қыста қазақстандық компаниялардың қандай акцияларын қарастырған жөн

KEGOC АҚ 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша оң есеп беріп, соңғы 12 айдағы рекордтық таза пайданы көрсетті. Оның үстіне компанияның баға мультипликаторлары тарихқа қатысты төмен мәнде.

Kaspi.kz сондай-ақ қаржылық және операциялық көрсеткіштердің айтарлықтай өсуін көрсетуді жалғастыруда. Оның үстіне біз өсудің мықты әлеуетіне ие түрік нарығына шығу жоспарларын бірқалыпты оң бағалап отырмыз.

Тағы бір жақсы үміткер «Қазақтелеком» АҚ болып қалып отыр, ол бойынша «Теле2/Алтел» мобильді операторын сатқаннан кейін алынған орасан зор ақшалай қаражатты пайдалану жөнінде шешім күтеміз. «Қазақтелеком» АҚ «Кселл» АҚ сатқаннан кейін арнайы дивидендтер төлеген 2012 жылдың тарихын ескере отырып, дивидендтер, қарыздарды өтеу немесе қайта инвестициялаудың баға үшін түрлі салдары болады, бірақ бірінші нұсқаны да жоққа шығарудың қажеті жоқ.

2. 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қаржылық есептерді талдау негізінде қандай компаниялар өсу әлеуетінің ең жоғары көрсеткіштеріне ие

Мақаланы жазу кезінде барлық компаниялар үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша есеп берген жоқ. Дегенмен, клеесі компаниялардың айтарлықтай жоғары өсу әлеуеті бар: «Эйр Астана» АҚ (+ 38%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+ 35%), KEGOC АҚ (+ 20%)

Үшінші тоқсандағы оң есепті ескере отырып, маусымндық көтерілу KEGOC-та болуы мүмкін, бұл 2024 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша айтарлықтай жақсы дивидендтерге алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, компания тарифтерді монополияға қарсы органдарға қайта қарау ұсынысымен жүгінуге ниетті. Компанияның ағымдағы баға мультипликаторлары тарихи деңгейден өте төмен. Осылайша баға/пайда 6,5 есе деңгейге жетеді, алайда ол 2020 жылдан бастап 8-ден 18 есе ұлғаю ауқымында болды.

3. Дивидендтерді бағалаймыз

Әдетте Қазақстан нарығындағы дивидендтер көктем мен жаздың тоғысында төленеді. Дегенмен, күзде Kaspi.kz және KEGOC АҚ дәстүрлі түрде дивидендтерін төледі. Бірінші компания акцияға 850 теңге төледі, әдетте ол жылына 4 рет төлейді. Екіншісі, әдеттегідей, жарты жылда бір рет төлейді және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы акцияға 82,4 теңге төлейді, бұл рекордтық мәннен сәл ғана төмен. Күтпеген дивидендтердің ішінен биыл акцияға 9,57 теңге төлеуді жоспарлап отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ны атап өтпекпіз, бұл биыл екінші төлем болып табылады. Бұған дейін мамыр айында банк акцияға 25,43 теңге төлеген болатын.