Экономика

Халық долларды қолына ұстап көрген емес – депутат

Қарапайым халықтың долларды қолына ұстап көрмегенін айтқан мәжіліс депутаты доллар бағамының азық-түлік бағасына әсер ететініне таңқалып отыр. 

РФ депутаты Светлана Журова доллар бағамының өсуі азық-түлік бағасына әсер етуі мүмкін дегенге күмән келтірді. Ол мұндай жағдайдың қисынсыз екенін айтып, халықты сабыр сақтауға шақырды.

«Бұл қалай болуы мүмкін? Доллардың қымбаттауы сүттің бағасына қалай әсер етеді? Бұл өте таңғаларлық жайт», – деп пікір білдірді депутат. Оның айтуынша, қарапайым халықтың доллармен ешқандай байланысы жоқ.

«Қарапайым халық өмірінде долларды қолына ұстап көрген емес, тіпті оның қандай болатынын білмейді», – деп атап өтті Журова.

Айта кетейік, сарапшылардың пікірінше, валюта бағамының тұрақсыздығы импорттық тауарлардың қымбаттауына әсер етіп, бұл өз кезегінде жалпы нарықтағы баға деңгейіне ықпал етуі мүмкін. Бірақ, депутаттың пікірінше, сүт немесе басқа да азық-түлік түрлерінің бағасы тікелей доллар бағамына тәуелді болмауы тиіс.

РФ депутаты Светлана Журова.

Бұл мәлімдеме қоғамда қызу талқы тудырды. Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі бұл пікірмен келіссе, басқалары экономикалық процестердің күрделілігі мен олардың азық-түлік нарығына ықпалын ескеру керектігін алға тартты.

Экономистер болса, әлемдік нарықтағы бағалардың өзгеруі, әсіресе импортқа тәуелді тауарларға әсер ететінін алға тартып, ұлттық валюта бағамының құбылмалылығы ішкі нарыққа да кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.