Спорт

Жеңісті өзбек жұлып алды: Санжар Тәшкенбай финалда ұтылып қалды

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Таиландтағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Taulik.kz.

Санжар Тәшкенбай 48 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездесті. Нәтижесінде Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімі бойынша (1:4) жеңіліс тауып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Санжар Тәшкенбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында, 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңген болатын.

Айта кетейік, бүгін, 11 желтоқсанда Азия чемпионатының шаршы алаңында тағы 8 қазақстандық боксшы сынға түседі. Олар: Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг).