Елімізде қандай пәтерлерге сұраныс артып келеді?

11 желтоқсан, 2024 / Ахмет Қанатұлы
Фото: shutterstock.com

Елімізде қараша айында жылжымайтын мүлік саудасы жоғары белсенділікпен көзге түсті. Бұл туралы Taulik.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қарашада жасалған мәмілелер саны қазан айымен салыстырғанда 0,7%-ға артты, ал жылдық өсім 24,3%-ды болды. Барлығы 39 421 жылжымайтын мүлік сатып алу-сату келісімі тіркелді.

Қай өңірлер көш бастап тұр?

Қарашада баспананы қай өңірде ең көп сатып алды:

Павлодар облысы – 18,5%-дық өсім;

Түркістан облысы – 15,9%-дық өсім;

Алматы облысы – 15,2%-дық өсім.

Абай облысында жағдай керісінше: мәмілелер саны 20%-ға төмендеген.

Көп сатылған жылжымайтын мүлік түрлері

Барлық мәмілелердің 79%-дан астамы пәтерлерге тиесілі. Барлығы 31 256 пәтер және 8 165 жеке үй сатылған.

Қарашада пәтерлерге сұраныс 2,6%-ға артты. Бұл қазан айына қарағанда 803 пәтерге көп. Ал жеке үйлерге сұраныс, керісінше, 6%-ға азайған.

Жеке үйлердің саудасы бойынша көшбасшы өңірлер:

Қандай пәтерлер сұранысқа ие:

2023 жылғы қарашамен салыстырғанда, мәмілелер саны 24,3%-ға артқан. Ең үлкен өсім келесі өңірлерде байқалды:

Батыс Қазақстан облысы – 56,7%;

Шымкент – 47%;

Павлодар облысы – 45%.

Қазақстанның баспана нарығы қарқынды дамып, өңірлер арасындағы айырмашылықтар айқын көрінуде. Бұл нарықтағы белсенділік тұрғындардың әл-ауқатының артуына және елдегі экономикалық тұрақтылыққа байланысты. Алайда өңірлік теңсіздіктерді азайту және ауылдық жерлерде қолжетімді баспана мәселесін шешу маңызды проблема болып қала береді.

Тэгтер:

Алматы Астана пәтер қазан өсім қараша мәміле елімізде