17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Солтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігіне әсер ететін болады – жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады. Еліміздің қалған территориясында кетіп бара жатқан антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-28 градус қатты аяз күтіледі.