Вейп шеккен 17 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды
Ресейдің Улан-Удэ қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шегу салдарынан қайтыс болды деген болжам бар.
Ресейдің Улан-Удэ қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шегу салдарынан қайтыс болды деген болжам бар, деп Taulik.kz тілшісі Mash Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыз пәтердің жуынатын бөлмесіне кіріп, ұзақ уақыт шықпай қалған. Оның жағдайына алаңдаған туыстары есікті бұзып ашып, қызды ес-түссіз күйде еденде жатқан жерінен тапқан. Қасында телефоны мен вейпі болған.
Оқиға орнына келген полицейлер қыздың бөлмесінен тағы екі электронды темекі құрылғысы мен Iqos құрылғысын және стиктер тапқан. Барлық табылған заттар мен қыз өлімінен бұрын тұтынған өнімдер зерттеуге алынған. Қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталмақ.
Тергеу комитеті абайсызда өлімге әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.