Жаңалықтар

Жұмыссыз жандарға төленетін жәрдемақыны қалай алуға болады?

Қазақстанда жұмысынан айрылған азаматтарға уақытша жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бұл төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тіркелген қатысушылар үшін ғана қолжетімді. Жәрдемақының мөлшерін есептеу үшін қарапайым формула қолданылады. Ендеше жәрдемақыны кімдер ала алады? Сондай-ақ жәрдемақыны қалай алуға болады?

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы – табыс көзінен айрылған адамдарға мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік қолдау. Ол жұмыссыздық кезеңіндегі табыс деңгейін біршама сақтауға мүмкіндік беретін ай сайынғы төлемдерден тұрады. Оған қоса, әдетте жұмыс орнында осыған дейін болған жалақының белгілі 45%-ын пайызы болады.

Қазақстандықтарға кейбір жәрдемақылар мемлекеттік бюджет қаражатынан, ал басқалары – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленеді.МӘСҚ – жұмыс берушілерден қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар жинайтын арнайы қор. Осы қаражаттан әр түрлі әлеуметтік төлемдер, соның ішінде жұмыссыздық бойынша төлемдер тағайындалады. Төлем алу үшін бірқатар шарттарды орындау қажет. 

Төлемді рәсімдеу

1.Жұмыссыз ретінде тіркелу: Алдымен жұмыс іздеу орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Бұл электрондық еңбек биржасының порталы немесе электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ тікелей жұмыс іздеу орталығына барып жүзеге асырылуы мүмкін. Тіркелгеннен кейін жәрдемақы алу туралы SMS хабарлама келеді, оған келісім беру қажет.

2. Қажетті құжаттар: 

  •     Жеке басын куәландыратын құжат.
  •     Банктік шот нөмірі.
  •     Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер.
     

Төлем мөлшері

Төлем мөлшері жалақының 45%-ы болады. Алайда, бұл шамамен есептелген көрсеткіш, себебі есептеу кезінде келесі факторлар ескеріледі:

– Соңғы 24 айдағы орташа жалақы (ең жоғары жалақы 7 ЕТЖ-ден аспауы тиіс – 2024 жылы бұл 595 мың теңге).
– МӘСҚ-ға аударымдардың өтілі (соңғы бес жыл ішінде үзіліссіз жұмыс істегендерге артықшылық беріледі).

Жанерке МҰРАТ,
"Тұран" университеті
Журналистика факультетінің 4 курс студенті.