Енді жемқорлардың аты-жөні әлеуметтік желіде жарияланатын болды

15 қаңтар, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында жемқорлардың жария тізілімі пайда болады.

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарастырды. Заң жобасы үш кодекс пен бес заңға түзетулер енгізуді көздейді. Бұл өзгерістер негізінен жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған.

Ұлан Сарқұловтың айтуынша, жария тізілім жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық ықпалды арттыру үшін профилактикалық құрал ретінде қарастырылады. Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар туралы ақпарат орналастырылатын болады.

Тізілімге енгізудің негізгі талаптары:

Тізілімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында жариялау жоспарлануда.

Жария тізілімде келесідей мәліметтер қамтылуы мүмкін:

 

Тэгтер:

заң заңнама Жемқор сыбайлас жемқорлық