Жаңалықтар

Ыдыс-аяқ туралы жұмбақтар: балалар мен ересектерге арналған жұмбақтар

Ыдыс-аяқ туралы қызық әрі ерекше жұмбақтарды назарларыңызға ұсынамыз.

Өткiр жүздi келедi,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледi,

Ұсақтап та тұрар ол.

Жауабы: пышақ.

***

Ыстықты суытпайды,

Суықты жылытпайды.

Жауабы: термос.

***

Мөлдiр түрi,

Шеңбер түрi.

Аузы тарлау,

Шыны күбi.

Жауабы: құмыра.

***

Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр.

Жауабы: қасық.

***

Отқа қойсаң елпiлдеп,

Быж-быж етiп тұншығар.

Тақиясы селкiлдеп,

Танауынан бу шығар.

Жауабы: шәйнек.

***

Аузы төбесiнде,

Тұтқасы денесiнде.

Жауабы: құман.

***

Күмiс күбi –

Ортасында құбыры бар,

Тесiк түбi.

Жауабы: самаурын.

***

Көлшiкте жүзiп

Түбiн шарлап шығады.

Қауғасы сүңгiп,

Балығын аулап шығады.

Жауабы: кепсер.

***

Құлағы бар қалқиған,

Аузы бар аңқиған.

Шығып алып ерте-кеш,

Төрт аяққа талтиған,

Қыздырады жалынға

Дәу қарынын қампиған.

Жауабы: қазан.

***

Терi құдық қауғасын,

Тарттым да,

Қанып iштiм дәмдi асын.

Жауабы: саба.

***

Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сиырыс жалап тұр.

Жауабы: қазан, от.

***

Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Жауабы: ыдыс.