Канело Альварес тарихтағы ең мықты боксшыларды атады
Екінші орта салмақтағы мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 KO) тарихтағы ең мықты боксшыларды атады
Спорттың бай тарихы мен таңдау қиындығына қарамастан, Канело өз таңдауын жасады. Оның тізімі қатаң тәртіппен берілмеген, бірақ, бірінші орында ол атақты Мухаммед Алиді атады.
Келесі орынға Канело Шугар Рэй Леонардты қойған. 36–3–1 рекорды бар Леонард 1977 жылдан 1997 жылға дейін бес салмақта әлем чемпионы атанған.
Үшінші орынға Канело Шугар Рэй Робинсонды қойды, оның рингте өткізген шамамен 200 жекпе-жегі мен 174–19–6 рекорды бар, оның ішінде 100-ден астам жеңіс нокаутпен.
Тізімде әрі қарай Канело өзінің бұрынғы қарсыласы, мансабын 50–0–0 рекордымен аяқтаған Флойд Мейвезер жалғастырды. Мейвезер қорғаныс шеберлігімен және тарихтағы ең табысты боксшылардың бірі ретінде танымал.
Бесінші орында ең құрметті боксшылардың бірі Марвелоус Марвин Хаглер, оның рекорды 62–3–1, оның елу екісі нокаутпен жеңіс.
Канело Альварестің ойынша ең үздік боксшылардың бестігі:
- Мухаммед Али;
- Шугар Рэй Леонард;
- Шугар Рэй Робинсон;
- Флойд Мейвезер;
- Марвин Хаглер.