109 томнан тұратын іс, 3,5 млрд теңге: Перизат Қайрат ісі прокуратураға жолданды

Бүгін, 11:51 / taulik
Фото: instagram

Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның ісі бойынша тергеу аяқталды – іс прокуратураға жолданды. Бұл туралы Taulik.kz АФМ-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

🔹 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарымен танысуға кіріскен болатын.

🔹 Бұған дейін хабарланғандай, залал көлемі — 3,5 млрд теңге.

🔹 865 млн теңге көлеміндегі заңсыз жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.

Аталған іс Генеральды прокуратураға жіберіліп, сотқа жолдау мәселесі қаралуда. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі (АФМ) растады.

📌 Еске салсақ, Перизат Қайрат әлеуметтік желіде кеңінен танылған тұлғалардың бірі, ал анасы Гайни Алашбаева да бұл іске қатысты басты фигуранттардың қатарында. Тергеу мәліметтері бойынша, олар қаржылық пирамида белгілері бар қызмет ұйымдастырып, салымшылардан ірі көлемде ақша жинаған.

Тэгтер:

қылмыс сот қаржы ақша алаяқ қор Перизат Қайрат Антикор АФМ Гайни Алашбаева ақша жымқыру