Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан әуе кеңістігінде украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттарының (БПЛА) пайда болуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.
"19 және 20 маусым күндері Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы аумағында Украина Қарулы күштерінің бірнеше ондаған дронының ұшқаны тіркелді. Олар Ресей аумағына соққы жасау үшін ұшып өткені анық сияқты. Мұндай әрекеттерді ОДКБ ұйымының одақтасына қарсы бағытталған қадам ретінде қатаң айыптаймыз", – деп мәлімдеді Захарова.
Ол сондай-ақ Украина билігі басқа мемлекеттердің аумақтық тұтастығына немқұрайлы қарайтынын айтып өтті.
"Бұл жағдай тағы да ҰҚШҰ (ОДКБ) аясындағы ұжымдық қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығын дәлелдейді", – деп түйіндеді Ресей СІМ өкілі.