Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордодағы уранды байыту зауытына жасалған АҚШ әуе шабуылдарынан кейін радиация деңгейінің артуы тіркелмегенін мәлімдеді.
«МАГАТЭ жағдайға байланысты қосымша бағалауларды жаңа ақпараттар түскен сайын ұсынатын болады», — делінген агенттік таратқан ресми хабарламада.
Бұған дейін Иранның Ядролық энергия агенттігі де ұқсас мәлімдеме жасап, ядролық нысандарда радиациялық ақау байқалмағанын растаған.
Еске салайық, бүгін түнде АҚШ әскери-әуе күштері Иранның бірнеше ядролық нысанына, соның ішінде Фордо, Исфахан және Арак аймақтарындағы стратегиялық объектілерге соққы жасаған болатын. Бұл шабуылдар Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына әкеліп отыр.