Билік су тасқынына қарсы 30 миллион доллар қаржы бөлді

Бүгін, 12:24 / taulik
фото: ашық дереккөз

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында толассыз жауған жауын салдарынан жойқын су тасқыны орын алып, 80 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Табиғи апаттан Жунцзян және Цунцзян уездері ең қатты зардап шекті.

Аталған өңірлерде төтенше жағдайдың ең жоғары – бірінші деңгейі жарияланды. Себебі Дулиу өзені арнасынан асып, қалыпты деңгейден 6,5 метрге дейін көтерілген.

Апат салдарын жою үшін Қытай үкіметі 30 миллион доллар көлемінде қаржы бөлді. Оның 15 миллионы су тасқыны кезінде бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталады. Қалған қаражат Гуандун мен Хунань провинцияларына материалдық және техникалық көмек ретінде беріледі.

Қазір құтқару және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Тэгтер:

Қытай халық қаржы Доллар билік апат су тасқыны