Мәскеу апталап жауап берген жоқ: Әзербайжан Ресейге жауап берді

2 шілде, 2025 / taulik
Фото: Taulik AI

2 шілде күні Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мен Ресейдің Әзірбайжандағы елшілігі таратқан мәлімдемелерге Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі ресми жауап берді. Аталған мәлімдемеде Ресей тарапы Әзірбайжан құқық қорғау органдары елде жүрген Ресей азаматтары мен олардың отбасыларына күш қолданды деп айыптап, консулдық көмек көрсетуге қатысты ресми сұраныстарға жауап берілмегенін мәлімдеген болатын.

Әзірбайжан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айхан Гаджизаде бұл айыптауларды негізсіз деп атады.

Оның айтуынша, ресми Баку елде заңсыз әрекет еткен топтардың мүшелері мен "Sputnik Әзірбайжан" филиалында заңсыз жұмыс істеген Ресей азаматтарына қатысты ұстанымын қоғамға ашық жеткізген.

"Ресей тарапынан 30 маусым мен 1 шілдеде жіберілген консулдық сұраныстар Әзірбайжанның тиісті мемлекеттік органдарына бірден жолданды. Тұтқындалған азаматтардың деректері мен тергеу жүргізетін орган туралы ақпарат Ресейге Консулдық конвенцияның 39-бабының 1-тармағына сәйкес берілді. Жалпы, конвенция шеңберіндегі сұраныстарды қарау мерзімі Ресей тарапы үшін жақсы белгілі", – деді Гаджизаде.

Сондай-ақ ол, Ресейде ұсталған және түрмеде отырған Әзірбайжан азаматтарымен консулдық кездесу ұйымдастыру туралы Бакудің бірнеше рет жасаған өтініштеріне Мәскеу апталап жауап бермей келгенін айтып, бұл жайтты Әзірбайжан ешқашан саясиландырмағанын және жария етпегенін мәлімдеді.

"Осыны ескере отырып, біз Ресей тарапын жағдайды қолдан ушықтыратын әрекеттер мен мәлімдемелерден бас тартуға шақырамыз", – деді Әзірбайжан СІМ өкілі.

Тэгтер:

орган қылмыс Ресей жауап СІМ Әзербайжан Мәскеу Баку