Оңтүстік Корея халқына ақша таратып беретін болды

Бүгін, 13:36 / taulik
Фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Корея үкіметі ел ішіндегі тұтынушылық сұранысты арттыру мақсатында азаматтарға 110 АҚШ долларынан таратпақ. Бұл туралы KBS мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Аталған қаржылай қолдау әр тұрғынға несиелік немесе дебеттік карталар арқылы, сондай-ақ белгіленген сома жүктелген арнайы карталар немесе сыйлық сертификаттары түрінде ұсынылады. Ең бастысы — бұл қаржыны тек азаматтың тіркелген өңірінде ғана пайдалануға болады.

Мақсат — аймақтық экономиканы жандандыру мен жергілікті бизнесті қолдау. Бұл бастама Корея билігінің экономикалық белсенділікті ынталандыруға бағытталған кезекті қадамы саналады.

Тэгтер:

халық Үкімет ақша билік оңтүстік корея азаматтар тарату