Пекиннен Бакуге дейін: Қытай жүк тасымалының жаңа бағытын іске қосты

Бүгін, 13:19 / taulik
Фото: Коллаж taulik.kz

Қытай 7 шілдеден бастап Қытай–Еуропа жүк тасымалының жаңа бағытын іске қосты. Бұл желі Пекин қаласы мен Әзірбайжан астанасы Бакуді байланыстырады, деп хабарлайды Report Қытай БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Жүк жеткізу мультимодальды схема бойынша жүзеге асады: «теміржол – теңіз – теміржол» бағыты арқылы. Алғашқы пойыз Қытай астанасының Фаншань ауданында орналасқан Пекин халықаралық құрлық портынан жіберіледі.

Болжам бойынша, жүк 15 күн ішінде Баку қаласына жеткізіледі.

Бұл бағыт Еуразия құрлығындағы логистикалық байланысты нығайтып, Қытай мен Каспий маңы елдері арасындағы сауда қатынасына жаңа серпін береді.

Тэгтер:

теміржол Қытай Әзербайжан Баку Пекин жүк тасымалы