Трамп Мәскеу мен Бейжіңді бомбылаймын деп қорқытқан – CNN

Бүгін, 14:37 / taulik
Фото: Коллаж taulik.kz

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы Мәскеу мен Бейжіңге соққы жасайтыны туралы мәлімдеген. Бұл туралы CNN арнасы аудиожазбаға сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Трамп бұл мәлімдемені 2024 жылы өзінің донорларымен өткен қаржы жинау кездесуінде айтқан. Ол Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинге «Мәскеу мен Пекинді бомбалау қаупі» туралы ескерткен.

CNN бұл мәліметті растайтын аудиожазбаны жариялаған. Алайда Трамптың штабы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың сыртқы саясатына қатысты алаңдаушылық туғызып отыр. Сарапшылар мұндай риторика халықаралық шиеленісті күшейтуі мүмкін екенін айтуда.

Тэгтер:

АҚШ бомба Трамп Мәскеу Пекин Бейжің бомбылау