Батыс Қазақстан облысында 57 жастағы Талғат Катауов педофилия бойынша кінәлі деп танылып, небәрі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл үкім қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр.
2000 жылдардың ортасында ол Бөкейорда ауданындағы мектеп директоры қызметін атқарған. Сол кезде 8-сынып оқушысына жіберілген әдепсіз СМС-хаттар үшін қызметінен босатылған. Алайда, сол кезде қылмыстық іс қозғалмаған.
2023 жылдың жазында Талғат Катауов 9 жасар туған жиенін зорлады деген күдікке ілінген. Алайда тергеу органдары бұл істі «қылмыс құрамы жоқ» деген негізбен жауып тастаған.
Түркістандағы қылмыс: нақты дәлелдерге қарамастан жаза жеңілдетілді
2024 жылдың күзіне қарай Т. Катауов Түркістан қаласына қонаққа барып, үй иесінің кішкентай қызына тиісіп, оны тізесіне отырғызып, киімінің ішіне қолын салған. Журналист Лұқпан Ахмедьяровтың мәліметінше, бұл әрекет бейнежазба арқылы расталған. Бұдан бөлек, Катауовтың басқа кәмелетке толмағандарға да тиісуі мүмкін деген болжам айтылуда.
Бастапқыда оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін қатаң бап бойынша айып тағылған. Алайда сот процесінің соңында прокурор белгісіз себеппен айыптауды жеңілдеткен.
Бұл шешім әлеуметтік желілер мен қоғам белсенділері арасында үлкен ашу тудырды. Көпшілік ауыр сексуалдық қылмыс үшін мұндай жеңіл жаза заң мен моральға қарсы деп бағалап отыр.