Алматыда ер адам итпен отбасын құрып, интимді әрекет жасаған

3 тамыз, 2025 / taulik
Фото: коллаж Taulik.kz

Алматыда ресейлік азамат Андрей Суворов өзіне тиесілі итті қайтару үшін бірнеше айдан бері күресіп жүр. Итін уақытша танысына тапсырған азамат жануардың күтімімен айналысамын деген ер адамның әрекеті заңсыз иемдену мен зоофилия күдігіне ұласады.

Азаматтың айтуынша, 2023 жылы ол Мәскеуден Алматыға көшу кезінде сүйікті иті Аркадийді Роман есімді танысына уақытша тапсырған. Роман итті Алматыға алдын ала жеткізіп беруі тиіс болған. Алайда уақыт өте келе Роман жануарды қайтарудан бас тартқан және итке қатысты құжаттарды өз атына рәсімдеп, жалған ветеринарлық паспорт жасаған.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде Романның итпен бірге интим мазмұндағы суреттері пайда болған. Суреттерде ер адамның жалаңаш күйде итпен бірге түскені байқалады. Аталған жарияланымдарда Роман өзін жануармен «отбасы құрғанын» мәлімдеп, жазбалар қалдырған.

Ит иесінің шағымынан кейін Алматы қалалық полиция департаментіне және жануарларды қорғаумен айналысатын ұйымдарға арыз түскен. Алайда күдікті сот отырыстарына қатыспай, ізін жасырып жүр. Қазіргі уақытта оның нақты мекенжайы белгісіз.

Кадрда Роман тек итпен суретке түсіп тұрған жоқ. Сурет – жүрегі әлсіздерге арналмаған. Ер адам толықтай жалаңаш күйде, жануарға қатысты, жұмсақ айтқанда, әдепсіз әрекеттер жасап жатқанын көруге болады. Бұл шок туғызатын жазбаның астында X (бұрынғы Twitter) желісінде Роман итпен «отбасы құрып жатқанын» мәлімдеген. Сонымен қатар, оның қолында белгілі бір жыныстық қатынастар саны белгіленген таңба болған. Айта кету керек, редакцияда одан да ашық сипаттағы фотолар бар, бірақ оларды жариялаудан әдейі бас тарттық.

Тэгтер:

Алматы Ит оқиға жануар зорлық зомбылық отбасын құру