Өткен айдың 11 шілдесінде түнгі сағат 23:30 шамасында Стамбұлдағы Айя-София мешітінде өрт қою әрекеті тіркелді. Белгісіз ер адам мешіт ішіндегі кітап пен кілемді өртеп, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.
Алайда оқиғаны байқаған қырағы әйел адам бірден өрт шыққанын байқап, мешіттің имамына хабарлаған. Имам шұғыл әрекет етіп, өртті дер кезінде сөндіріп үлгерген. Осылайша үлкен зардаптың алдын алды.
Күдікті қолға түсті. Түркия полициясының хабарлауынша, ұсталған азамат — Джизре қаласының тұрғыны, психиатриялық клиникаларда есепте тұрған. Қазір ол қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр.