Алакөлде 17 жастағы жасөспірім достарының алдында суға батып, қаза тапты (ВИДЕО)

Бүгін, 16:49 / taulik
Фото: Ашық дереккөз

Абай облысы Жарбұлақ ауылы маңындағы Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға достарының көзінше орын алған.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім көл жағасында орналасқан паром маңында шомылып жүрген. Құтқару жилетін кимей суға түскен жігіт біраз уақыттан соң суға бата бастаған. Айналасындағылар оның көмекке мұқтаж екенін байқап, бір азамат құтқару желетін киіп, оған қарай жүзіп барған. Алайда үрейге бой алдырған жасөспірім құтқарушыны да суға тартып, жағдай ушығып кеткен. Ақырында, жасөспірім судан шыға алмай, көпшіліктің көз алдында ажал құшты.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңертең сүңгуірлер жүргізген суасты іздестіру жұмыстары кезінде жағадан 500 метр қашықтықта, 6 метр тереңдіктен жасөспірімнің денесі табылып, судан шығарылды.

Қазіргі уақытта катер иесіне қатысты соталды тергеу басталды. Оған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, абайсызда адам өліміне себеп болды деген күдік келтірілуде.

Тэгтер:

қаза Алакөл жасөспірім Абай облысы суға батып