Молдова мен Румыния біріге ме?

Бүгін, 10:55 / taulik
Фото: ашық дереккөз

 Молдова президенті Майя Сандудың екі елдің — Молдова мен Румынияның — қайта бірігуіне қатысты айтқан пікірі халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды taulik.kz сайты. 

Күтпеген қадам ба, әлде астарлы ойын ба? Майя Санду егер Молдова мен Румынияның бірігуі бойынша референдум өтетін болса, жеке өзі бұл бастаманы қолдап, дауыс беретінін мәлімдеді. Сарапшылар мұны жай ғана аңдаусызда айтылған сөз емес, өте жақсы дайындалған, амбициясы жоғары саясаткердің «күрделі операциясы» деп бағалап отыр. Бұл мәлімдеменің британдық подкастта жариялануы Еуропа аймағындағы Ұлыбританияның мүддесімен және Ресей-Украина соғысының салдарымен байланысты болуы мүмкін деген болжамдар бар.

Бухарестің таңданысы мен Брюссельге қысым Қызығы сол, бұл мәлімдеме Румынияның саяси элитасын есеңгіретіп тастады. Ресми Бухарест мұндай батыл қадамды күтпегендіктен, бірнеше күн бойы ешқандай реакция білдіре алмады. Тіпті, Сандудың бұл әрекеті серіктестеріне алдын ала ескертілмегендіктен, Румыния билігінде белгілі бір деңгейде реніш тудырған. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Санду Молдованың Еуроодаққа мүшелік процесінің баяулап қалуына байланысты (2028 жылға дейін дайын болу жоспарына қарамастан) Ұлыбритания арқылы Брюссельге жанама қысым көрсетпек.

Ішкі қарсылық және аймақтық қауіптер Молдованың ішінде бұл мәлімдеме ресейшіл оппозицияның қолына нақты көзір болып тиді. Олар Сандуды «мемлекеттік егемендіктен бас тартты» деп айыптай бастады. Статистика бойынша, Молдова халқының тек 30 пайызы ғана (диаспораны есептемегенде) Румыниямен бірігуді қолдайды. Сонымен қатар, Гагаузия автономиясы мен Приднестровье мәселесі бұл процесті одан сайын қиындата түсетіні анық.

Бұған дейін Давоста Трамптың еуропалық лидерлермен ашық текетіреске келгенін және халықаралық келісімдердің құнсыздана бастағанын ескерсек, Сандудың бұл қадамы Шығыс Еуропадағы геосаяси жағдайды одан сайын шиеленістіре түспек. Румынияда бұл идеяны зиялы қауым мен профессорлар қолдағанымен, жастар бұл мәселеге салқынқандылық танытып отыр.

Осылайша, Молдова президентінің бір ғана сөзі аймақтағы бірнеше елдің мүддесін шарпыған «информациялық жарылысқа» айналды. Бұл процестің соңы нақты бірігуге әкеле ме, әлде жай ғана дипломатиялық ойын болып қала ма, оны алдағы айлар көрсетеді.

Тэгтер:

геосаясат Молдава Румыния бірігу Майя Санду прездент мәлімдемесі