Жетісуде қос ұл әкелерін қылқындырып, күн көрсетпеген (ВИДЕО)

Бүгін, 17:37 / taulik
Фото: ашық дереккөзден алынды

Жетісу облысы Ақсу ауданында тұратын  62 жастағы әке қос ұлынан көрген қорлығын айтып, ағынан жарылды, деп хабарлайды taulik.kz.

Бақытбек Қадысұлымын деп өзін таныстырған азамат өзінің ұлдарынан таяқ жеп, қорлық көргенін айтты. Оның айтуынша, екі ұл әкесін қылқындырып, жығып, қалтасын қол салып, телефонын тартып алған. Жәбірленуші жанайғайын видео арқылы жазып, жариялаған.

Ұлдары қамауға алынғанымен, отбасылық жағдайға байланысты он шақты күннен кейін қайтып келіп, ақша сұрап, әкесін ұрған.

62 жастағы қария енді кімнен, қалай көмек сұрайтынын білмей, халықтың алдына шыққан. 

Тэгтер:

Жетісу видео Ұру әкесі қорлық ұлдары таяқ жеу соғу қылқындыру