Белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова сот үкімі шыққаннан кейін әлеуметтік желіде күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол өз парақшасында өміріндегі қиын кезеңдер туралы ашық пікір білдіріп, бұрынғы отбасына қатысты бірқатар жайттарды қозғады.
«Өмір деген қандай екен?! Жау алыстан келмейді деген рас екен. 10 жылдық өмірімнің алты жылы мені кінәлау мен өсекке толы болды. Шавкаттың анасы мені қазақ болғаным үшін жамандап, түрлі сөздер айтты», – деп жазды ол.
Гүлайымның айтуынша, бұрынғы отбасындағы келіспеушіліктердің салдарынан олардың некесі бұзылған. Ол қиын сәттерде қолдау таппағанын да жеткізді.
Сонымен қатар ол бұрынғы жұбайының табысына қатысты да пікір білдіріп, бұл жағдайдың балаларына әсер еткенін атап өтті.
Жазба соңында ол өз ұлтына деген мақтаныш сезімін білдіріп, алдағы уақытта әлі де көп нәрсе айтылуы мүмкін екенін меңзеді.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген болатын.