Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Taulik.kz.
Арнайы операция 12 маусымда полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Тергеу мәліметінше, топ мүшелері шекарадан өту кезінде жүк көлігі жүргізушілеріне кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізуге көмектесеміз деп, заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған деген күдікке ілінді.
Жиналған материалдар негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында 5 дана қару, ірі көлемдегі ақша, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жүк және жеңіл көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталған. Тергеу дерегінше, бұл әрекет міндетті төлемдерден жалтару үшін жасалған.