Өртенген мәйіті табылған полицейдің тірі кезіндегі видеосы тарады (ВИДЕО)

Бүгін, 12:30 / taulik

Алматы облысының Кеген ауданында өртенген мәйіті табылған полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің желіде тірі кезіндегі видеосы тарады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Марқұмның жұбайы да бұған дейін полиция саласында еңбек еткен. Алайда ол биылғы ақпан айында қызметінен кеткен. Туыстарының айтуынша, майор Аслан Әлсеров отбасында жиі жанжал шығарып, әйеліне бірнеше рет күш көрсеткен. Әйелі денесіндегі жарақат іздерін көрсетіп, бірнеше мәрте Бостандық аудандық полиция басқармасына жүгінгенімен, бұл бойынша нақты шара қолданылмағаны айтылып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға болған күні ерлі-зайыптылар арасында кезекті жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Осы сәтте үйге олардың 15 жастағы екі ұлы мен 14 жастағы досы кірген. Тергеу нұсқасына сәйкес, жасөспірімдердің бірі әкесінің басынан қатты соққы жасаған. Одан кейін күдіктілер ер адамды байлап, түн ішінде көлікпен Алматы облысының Кеген ауданына алып кеткен.

Тергеушілердің болжамынша, мәйіт сол жерде өртеліп, қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасалған. Қазіргі уақытта марқұмның жұбайы, екі ұлы және олардың 14 жастағы досы күдікті ретінде қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, әрбір күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
 

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SADAQ MEDIA NEWS (@sadaqmedia)

Тэгтер:

қылмыс Аслан Әлсеров өртенген полицей Кеген ауданы