Өртенген мәйіті табылған полицейдің ұлдары мен досына қатысты тың дерек шықты

Бүгін, 11:46 / taulik
ашық дереккөзден

Алматы облысында өртенген мәйіті табылған полиция ісіне қатысты күдікке ілінген кәмелет жасына толмаған балаларына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы енгізілді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Кеген аудандық соты тергеу органдарының кәмелетке толмағандарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау жөніндегі өтінішін қараған. Адвокаттар Гаухар Сарыева мен Динара Шәмшекованың мәлімдеуінше, судья тараптардың уәждерін жан-жақты тыңдап, істің барлық мән-жайын мұқият зерделеген.

Сот шешімімен күдіктілер үйқамаққа алынып, олардың үйлеріне бейнебақылау камералары орнатылады. Сондай-ақ оларға қозғалысын бақылауға арналған электронды білезіктер тағылатын болды.

Қорғаушылар сотта тергеу кезінде назардан тыс қалмауы керек бірқатар маңызды мән-жай барын мәлімдеді. Олардың айтуынша, кәмелетке толмаған балалар ұзақ уақыт бойы отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас жағдайында өмір сүрген болуы ықтимал. Сондай-ақ адвокаттар балалар бұл оқиғаның жай куәгері ғана емес, өздері де зорлық-зомбылық көрген болуы мүмкін деген уәж келтірді.

Тэгтер:

қылмыс Аслан Әлсеров өртенген полицей Кеген ауданы