Меладзенің концерті кезінде төбелес шығарған үш әйел ұсталды. Олардың біреуі 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, екіншісіне айыппұл салынды. Ал үшіншісіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Stan.kz-арнасына сілтеме жасап.
Полиция тексеру нәтижесінде дауға қатысқандардың барлығын анықтаған. Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары. Біреуі сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Екіншісіне қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды.
Ал Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жолданды.