Алдағы апталарда еліміздің кей аймақтарында 16 градусқа дейін суық болады

Бүгін, 16:31 / Аянат Балғабайқызы
Суық күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан бойынша 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын синоптиктер ұсынды.Кейбір аймақта 16 градусқа дейінгі аяз күтіледі деп хабарлайды Taulik.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын-шашын күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын,қар түсуі және көктайғақ болуы ықтимал.

Уақыт өте келе Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар аймақтарында жел күшейеді, шығысында жаяу бұрқасын соғады.Таңертеңгі және түнгі уақыттарда тұман түсуі мүмкін.

Жақын күндері Қазақстан бойынша ауа температурасы:

Солтүстік аймақта түнде -2...-10 градусқа дейін салқындайды, күндіз -2 градустан +5 градусқа дейін жылы болады;

Оңтүстік өңірде түнде -1...-8 градусқа дейін аяз, күндіз +5...+12 градусқа дейін жылы болады;

Орталық пен шығыста түнде -5...-15 градусқа дейін аяз, күндіз -3 градустан +5 градусқа дейін жылы болады;

Оңтүстік-шығыста түнде -3...-8 градусқа дейін, таулы жерлерде -11...-16 градусқа дейін аяз орнайды, күндіз +2...+10 градусқа дейін жылы, таулы жерлерде-1...-6 градус аяз күтіледі.

Батыс өлкесінде түнде +2...+9 градусқа дейін, күндіз +8...+17 градусқа дейін жылы болады.

Тэгтер:

Қазақстан ауа райы апта