Жаңалықтар

Үш баласын өлтіріп, өзі де асылып қалған азамат бұрын сотталған

Үш баласын өлтіріп, өзі де асылып қалған азамат бұрын сотталған

Кеше Маңғыстау облысында ер адам мен үш баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. 11 желтоқсанда сағат 19:50 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында 4 адамның асылып өлгені туралы хабарлама түскен. Қайтыс болған отбасы мүшелері туралы мәлімет шықты, деп хабарлайды taulik.kz Мұнайлы АПБ ЖПҚб-ның қылмыстық іс бойынша толтырылған анықтамасына сүйеніп. Отбасындағы бес адам Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылы, Асылмұра көшесі №315 үйді 15 күннен бері жалдап тұрған. Әкесі – Алиев Батырхан Оразгалыевич. 20.05.1984 жылы Туркменистан Республикасы, Лебап облысында туған. Жұмыссыз. Бұрын сотталған (ҚР ҚК-нің 191 бабы 2-бөлігі мен 3 жылға ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты түрде сотталған және 24.12.2015 жылы ҚР ҚК-нің 107 бабы 2-бөлігі мен қайта қылмыс жасап, түпкілікті 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған). Мұнайлы ауданы ПБ-не 15.09.2016 жылы бұрын сотталғандар санатымен профилактикалық есепке алынып, 10.09.2019 жылы мерзімінің аяқталуына байланысты есептен шығып кеткен. – 01.02.2021 жылы КР ӘҚБтК-нің 440 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 (он төрт мың бес жүз сексен бес) теңге айыппұл салынған. – 29.12.2021 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 594 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту шарасы қолданылған. – 29.09.2022 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 21 441 (жиырма бір мың төрт жүз қырық бір) теңге айыппұл салынған. – 30.10.2022 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Мұнайлы аудандық сотының шешімімен 15 315 (он бес мың үш жүз он бес) теңге айыппұл салынған. Азаматтық некедегі әйелі – Дуйсенбаева Индира Жалгасбаевна. 30.04.1987 жылы Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс облысында туған. Ақтау қаласында орналасқан «Нұр» наубайханасында жұмыс істейді. Бұрын сотталмаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Ұлы – Алиев Рахат Батырханович. 06.10.2014 жылы Маңғыстау облысында туған. Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында орналасқан №12 орта мектебінің 2 «з» сынып оқушысы. Қызы – Алиева Қазына Батырхановна. 03.08.2018 жылы Маңғыстау облысында туған. Ұлы – Алиев Дархан Батырханович. 17.02.2022 жылы Маңғыстау облысында туған.  width= Сонымен қатар журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында ер адамның әйелінің артынан еріп келген 15 жастағы өгей қызына зорлық көрсеткені туралы жазды.
«3 баласын асып өлтіріп, артынан өзіне қол салған еркекке қатысты шындық міне. Ешқандай жоқшылық, қымбатшылық, Үкімет кінәлі емес! Маған жазылған хатты қаз-қалпында жарияладым, артында аңырап қалған жарымен толық сұхбат кешке парақшамда», - деп жазды ол.
Осындай жазба жариялаған журналист хаттың скринін де көрсетті.
«Ол оқиға ешқандай да саясаттың кесірінен болмаған. Менің туған немере сіңлімнің отбасысы. Күйеуі нашар адам болған. Ішіп алып ұратын. Сіңлімнің еріп келген 15 жастағы қызы бар. Соны зорлап, түрмеге кетпеймін деп өз-өзіне қол жұмсаған. Балаларын қызғанып, сіңлімнен өзімен бірге алып кеткен хайуан. Сіңлімді балаларынан айырып, зарлатып кетті. Үлкен қызының өмірін бұзды», - деп жазылған хатта.
 width= Айта кетейік, бұл деректер бойынша ресми мәлімдеме жасалған жоқ.