Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркиядан Алматыға ұшып келді

18 ақпан, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркиядан Алматыға ұшып келді Алматы әуежайына Түркиядан 38 адамнан тұратын қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің алғашқы тобы келді, деп хабарлайды taulik.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме жасап. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, арнайы операциялар күштерінің 33 қызметкері Газиантеп қаласынан Ил-76 ұшағымен отанына оралды, оның ішінде үш кинологиялық бригада және 5 апат медицинасының дәрігері бар.Оларды күтіп алу үшін Алматы әуежайына қазақстандық құтқарушылардың туыстары жиналды. Ал мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркиядағы жер сілкінісінің зардаптарын жоюға атсалысқан қазақстандық құтқарушылар отанына оралған соң марапатталатынын айтты.