Дүйсенова жәрмеңкедегі «жабайылық» туралы: «Елдің имиджіне өзіміз жауаптымыз»
Министр жәрмеңкеде болған барлық қазақстандық өзін солай ұстамады деп пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанада өткен Тәжікстан көрме-жәрмеңкесіндегі «жабайылыққа» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Жәрмеңкеде болған барлық қазақстандық өзін солай ұстамады. Белгілі бір адамдар тобы өзін басқаша ұстады. Сондықтан біз өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Мұнай іс-әрекеттер басқа елдерде де кездеседі. Біз – қазақстандықтар ретінде өз имиджімізге жауап береміз, - деді вице-премьер Үкімет отырысынан соң.
Айта кетейік, 26 тамызда Қазақстандағы Тәжікстанның мәдени күндері аясында өткен көрме-жәрмеңке өтті. Тәжікстан арнайы елорда тұрғындары мен қонақтарына алуан түрлі тәттілер, жеміс-жидектер, кәдесыйлар, сәндік бұйымдар ұсынып қана қоймай, тәжік халқының ұлттық ерекшеліктері көрсетілген. Ал жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталған. Себебі жеткізілген өнімдер екі күн ішінде сатылып кеткен. Бұл жәрмеңкеге 100 мыңнан астам адам келген..