Алматыда дүкенде қыздың кеудесін ұстаған ер адам 5 тәулікке қамалды
1988 жылғы Атырау қаласының тұрғыны мас күйде болғанын айтып, кінәсін мойындады
Алматыда дүкен ішінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адамды полиция 5 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды taulik.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 тамыз күні супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесіне қолын салған ер адам Атырау қаласынан анықталып, ұсталды.
1988 ж.т., Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан.
Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды.