Экономика

«Балаларға арналған ұлттық қор»: Тоқаев балаларға қаражат қашан түсетінін айтты

"Балаларға арналған ұлттық қор" жобасы бойынша балалардың есепшотына жаңа жылдан бастап аударылады

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы бойынша балалардың есепшотына қаражат қашан аударылып бастайтынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Осыған орай, азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мәселен, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті. Дәрігерлердің де жалақысы айтарлықтай өсті, қазір олардың табысы елдегі орташа жалақы мөлшерінен жоғары. Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді»,- деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жоба еліміздегі миллионға жуық адамның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді..

"Жайлы мектеп жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынуда. "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасын жүзеге асыру басталды, оның аясында қаражат балалардың есепшотына түсе бастайды. Қаражат жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына түсетін болады», - деді Тоқаев.