Қоғам

Тоқаев АЭС салу туралы шешім жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын айтты

"Атом электр станциясын салу немесе салудан бас тарту – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе" – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу туралы шешім жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын айтты,  деп хабарлайды Taulik.kz.

«2019 жылы өзімнің сайлауалды тұғырнамамда ең маңызды стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер референдум арқылы қабылданады деп уәде бердім.

Атом электр станциясын салу немесе салудан бас тарту – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынамын. Нақты даталарды кейінірек шешеміз», - деді Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында.