Таиландта 18 жастағы қазақстандықтың денесі табылды
Таиландта 18 жастағы қазақстандық суға кетіп көз жұмды
Таиландта Пхукет аралы маңындағы теңізден 18 жастағы Қазақстан азаматының денесі табылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты растады.
«1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы ықтимал деген мәлімет келіп түсті. Екі күнге созылған іздестіру жұмысынан кейін таиландтық құтқарушылар 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жетті және денені танып, анықтау процедурасына қатысады», - деді Айбек Смадияров.