Жаңалықтар

Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

Бұған дейін Нысанбаев Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Ерлан Нысанбаев 1961 жылдың 11 тамызында Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институты мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы - орман шаруашылығы инженері.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау саласында, сондай-ақ экология, геология, табиғи ресурстар сынды салаларда вице-министр қызметін атқарды.