Жаңалықтар

Әнипа Назарбаева Шамалған ауылындағы колледжден айырылды

Әнипа Назарбаевадан 3 450 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндіріледі

Тиісті шешімді Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін мемлекеттік меншікке қайтару туралы істі қаралған сот шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Іс өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың әпкесі иелік ететін «Анипа» ЖК үстінен сотқа арыз берілген кезде басталды.

Іс материалдарына сәйкес, колледж кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

Сотта кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы қаулы шығарылды. Әңгіме Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі туралы болып отыр.

"2016 жылғы 7 шілдедегі №3" Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шарты бұзылсын", – делінген шешімде.

Ulysmedia.kz жазуынша,  сот шешімі бойынша Әнипа Назарбаевадан 3 450 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілетін болды.

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.