Сарыағашта бес жасар қыз баланың өліміне қатысты сот отырысы басталды
"Күдікті өмір бойы қоғамнан оқшау ұсталуы керек” - адвокат.
Сарыағашта бес жасар қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның соты басталды, деп хабарлайды Taulik.kz
Күдікті тергеу изоляторынан сотқа қатысатын болды.
"Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және үлкен резонанс аясында кез келген шектен шығудың жолын кесу үшін сот басқа өңірдің тергеу изоляторының аумағында өтеді. Менің жеке ұстанымым бойынша бір ғана үкім шығарылуы тиіс, сотталушыны қоғамнан өмір бойы оқшаулау керек", - дейді адвокат.
Еске сала кетейік, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында күдікті мас хәлде болып, ойнап жүрген 5 жасар қызды ән қойып беремін деп алдап өз үйінің ауласына кіргізген. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін қасақана жасаған.
Күдіктіге кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ол бұған дейін кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталған.