Намаз кезінде баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды
ҚМДБ түсіндіру жұмыстарын жүргізбекші
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының мешітінде намаз кезінде баланы ұрып жіберген имам жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Имам оқиғадан соң баланың ата-анасы мен жұртшылықтан кешірім сұрады. Ал желі қолданушылары болса түрлі пікір білдірді.
«Бала жүгірмек түгілі жылан шағайын деп жатқанда, намазын бұзбаған пайғамбардан үлгі алмаған ба?», «Жауапқа тарту керек», «Жауыз адам екен»,—деді олар.
Қазіргі таңда ҚМДБ түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.
«Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы дөрекі әрекеттерге жол берген діни қызметкерге шара қолданды. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы қызметінен босатылды», – деп жазды ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі.