Өлтіріп, есік алдына жерлеген: Павлодар тұрғынына үкім шықты
31 жастағы ер адам алдағы 10 жылын қамауда өткізеді.
Павлодар тұрғыны 10 жылын қамауда өткізеді. Ол әйелдің мәйітін үйдің ауласына жерлеп, 3,5 айдан кейін кінәсін мойындап, полицияға келген, деп хабарлайды taulik.kz.
Оқиға былтыр күзде болған. 31 жастағы Павлодар тұрғыны өзінен жасы екі есе үлкен танысымен ішімдік ішіп отырып, екеуі әлденеге келіспей, ұрсысып қалады. Соңында үй иесі әйелді қылқындырып өлтірген.
Тергеу жүргізілді. Алқабилер қатысқан іс Павлодар облыстық қылмыстық істер бойынша маманданған ауданаралық сотында қаралды. 31 жастағы ер адам алдағы 10 жылын қамауда өткізеді.