Жаңаөзенде ер адам өлі табылды (ФОТО)
Күдікті іс-әрекетін мойындады.
Желіде Жаңаөзенде өлі табылған ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қазанда сағат 01:30 шамасында 102 кезекші пультіне Жаңаөзеннің өнеркәсіптік аймағында жол бойында дене жарақаттары бар мәйіт жатыр деген шақырту түскен.
"Шақыртуға жедел-тергеу тобы барды. "Ваз 21150" автокөлігінің жүргізушісі 49 жастағы азаматты қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаңаөзендік полицейлермен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Көлік айыптұраққа қамалды", - деп хабарлады ведомство.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті іс-әрекетін мойындады.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Жаңаөзен полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.