Қазақстанда ресей рубліне сұраныс азайды
Рублдің таза сатылымы 26 есеге азайған
Қазақстанда ресей рубліне сұраныс 26 есеге азайды, деп хабарлайды Taulik.kz
ztb.kz жазуынша, Қазақстанда шетел валютасына, әсіресі Ресей рубліне сұраныс азайған.
🇺🇸 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында АҚШ долларын айырбастау пункттерінің таза сату көлемі 1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға аз.
🇪🇺 Еуро айырбастау пункттерінің таза сату көлемі бір жылда 27,2%-ға төмендеп, 158,8 млрд теңгені құрады.
🇷🇺 Ресей рублінің таза сатылымы 26 есеге, 10,3 млрд теңгеге дейін ең көп төмендеген.