Жаңалықтар

Өгей әкемен тұратын балаларды мемлекет тексере ме?

Елімізде өгей әкесімен бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалар бар

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев қазіргі қоғамға өте қажет әрі маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Taulik.kz. 
 

Ол өгей әкелерімен тұратын балаларды тексеру керек екендігін жеткізді. Ол қалай жүзеге асатынын да айтты. 

 

Елімізде өгей әкесімен бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалар бар. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлеріне және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторларға арнайы алгоритм жасадық. Кәмелетке толмаған қыздардың өздері немесе анасы арыз түсіргенде осы мәселелерді қалай қарау керек, полиция қызметкерлері бірінші кіммен сөйлесу керек, сосын қандай мәселелерге назар аудару керек, қандай сұрақтар қою керек, жасөспірімнің көңіл-күйі мен дене жарақаттары бар ма, жоқ па және басқа да сұрақтарды қалай қою керектігін нақты жеткізуге болатыны туралы алгоритм дайындадық. Бұл алгоритмді қызметкерлерге беріп үлгердік. Қазіргі таңда арыз түскен жағдайда осы алгоритмдер аясында жұмыс істейді. Ал заң жобасы дайындалуда. Заң қабылданған кезде, қосымша ақпарат береміз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.